Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлда жасалған лаңкестік әрекеттен кейін Франциядағы лаңкестік қауіп деңгейі барынша жоғарылады. Француз барлау қызметі Орталық Азиядан келгендерге тексерісті күшейтті.
Бұған дейін Франция Құрлық әскері Бас штабының бастығы Пьер Шиль Франция Париждегі Олимпиада ойындарын күзету үшін пайдаланылатын әскери контингентті 20 мың адамға дейін арттыратынын хабарлаған. Ол елдің барлық аумағындағы Олимпиада алауын жағушыларды әскерилер күзетіп жүретінін айтты.