Француз киножұлдызы денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды

Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Танымал актриса Брижит Бардо денсаулығына қатысты қауесеттерге сенбеуге, көрермендерінен еш алаңдамауды сұрады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Брижит Бардо қорының мәтіметінше, 91 жастағы француз және әлемдік кино жұлдызы «өзі үшін алаңдайтындарды» сабырға шақыруға тырысты.

Францияда соңғы кездері Брижит Бардоның денсаулығына қатысты алып-қашпа әңгіме көбейіп кетті. Актриса жалған ақпарат таратқан журналистерді айыптап, қазіргі уақытта сауығып келе жатқанын және жеке өміріне құрметпен қарауын талап етті.

Дүйсенбіде Var-Matin басылымы француз киножұлдызының Тулондағы ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Брижит Бардо 1970 жылдан бастап өзін жануарларды қорғау ісіне арнаған. Ол сол уақыттан бастап кино әлемімен қош айтысты. Қазір актриса Сен-Тропе курортындағы (Францияның оңтүстік-шығысындағы) әйгілі «La Madrague» резиденциясы мен екінші үйі «La Garrigue»-де тұрады. 

Еске салайық, биыл мамыр айында француз актері Жерар Депардье 2021 жылы түсірілім алаңында екі әйелге зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.