Париж соты Жерар Депардьені кінәлі деп таныды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Француз актері Жерар Депардье 2021 жылы түсірілім алаңында екі әйелге сексуалдық зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды DW.

Жерар Депардье
Фото: РИА Новости/Рамиль Ситдиков

13 мамыр күні Париж соты 76 жастағы актерге 18 ай шартты жаза тағайындады. Сот сонымен қатар оның есімін сексуалдық қылмыс жасағандар тізіміне енгізіп, психолог емін қабылдауға міндеттеді. Үкім Депардьенің қатысуынсыз жарияланды.

Актер үкімге шағым түсірмек

Прокуратура наурыз айының соңында дәл осындай жаза сұрап, 20 мың еуро айыппұл салуды және жәбірленушілерге өтемақы төлеуді талап еткен. Сонымен бірге оны екі жылға сайлауға түсу құқығынан айыруды да сұраған.

Үкім шыққаннан кейін Депардьенің адвокаты сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді. Актер өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

 Орал қалалық соты бұрынғы төрағасының ісі Тасқалада қаралады
Фото: freepik.com

Бұл — Депардьеге қатысты алғашқы сот үкімі

Сот процесі 24 наурызда басталған. Актердің адвокаты Жереми Ассу айыптауларды жалған деп атап, Депардьенің жүрегіне ота жасалғанын және оның қант диабетімен ауыратынын айтқан.

Сот тағайындаған медициналық сарапшы актердің сотқа қатысуына денсаулығы жарамды екенін растады, бірақ тыңдаулар 6 сағаттан аспауы, әр 15 минут сайын үзіліс және түскі ас қарастырылуы керек екенін айтқан.

Іс 2021 жылы түсірілген «Жасыл жапқыштар» фильмі кезінде болған жағдайға байланысты қозғалған. 54 жастағы декоратор мен 34 жастағы режиссердің көмекшісі Депардьені орынсыз сөздер айтып, оларға тиіскен деп айыптады. Актердің әйелдердің кеудесі мен дене мүшелеріне рұқсатсыз қол тигізгені айтылды.

с
Фото: freepik.com

 

Олар 2024 жылдың басында актерге қарсы сотқа шағым түсірген.

Жерар Депардье 200-ден астам фильмге түскен. Оған қатысты сексуалдық зорлық көрсету туралы бірнеше рет айып тағылған. 2023 жылдың сәуірінде тағы 13 әйел — актрисалар, массовкада ойнағандар мен гримерлер — оның орынсыз қылықтары туралы мәлімдеген. Алайда сотқа жеткен алғашқы іс — осы.

Айта кетейік, бұған дейін Парижде Жерар Депардьеге қатысты сот ісі жалғасып жатқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар