Француздар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты алыс сапарлардан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM — Ирандағы жағдай мен Ормуз бұғазының жабылуына байланысты жанармай бағасы шарықтап кетті. Осының әсерінен француздар мамыр мерекелерінде алыс сапарлардан бас тартты, деп жазды ТАСС.

Фото: Анадолы

Франциялықтар мамыр айындағы ұзақ демалыста үйіне жақын жерде демалуды таңдады. Ел ішіндегі қонақүй нөмірлерін брондау өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан.

BFMTV атап өткендей, мұндай үрдістен жергілікті бизнес пайда көріп отыр.

1 мамыр — Францияда Еңбек күні, ал 8 мамыр — фашизмнен азат ету күні ретінде атап өтіледі.

Арнаның мәліметінше, Француздар алдағы жазғы демалыста да алыс сапарлардан бас тартуды жоспарлаған. Олардың 74%-ы Франция ішінде қалуды көздейді.

Ормуз бұғазының жабылуы және жеткізілімдегі іркілістер салдарынан Францияда бензин бағасы шамамен 19%, ал дизель отыны 36% қымбаттаған. Дизель бағасы жанармай бекеттерінде литріне 2,5 еуроға дейін жетіп, соңғы 20 жылдағы ең жоғары деңгейге шыққан.

Айта кетейік, Иранда әскери қақтығыс басталғаннан бері АҚШ-та бензин бағасы 30%-дан астамға қымбаттады.