Фредди Роуч: «Альварестің Головкиннен күші басым»

АСТАНА. ҚазАқпарат -Танымал бокс жаттықтырушысы Фредди Роучтің пікірінше, WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің WBA/IBF нұсқаларының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен күші басымырақ. Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

«Мен бұл жекпе-жек үлкен сынақ деп ойлаймын. Маған Головкиннің жұдырықтасқаны ұнайды, алайда ол әлі нағыз мықты қарсыласпен кездесіп көрген жоқ. Мен бұл кездесуді тағатсыздана күтіп жүрмін. Меніңше, Альварес мықты, ол анағұрлым ірі әрі күші басым», - деді ол.