- Жылдың үздік боксшысы кім? Жұрттың пікірінше,Тайсон Фьюри, Флойд Мейвезер...
- Тайсон Фьюри? Ол кәрі Кличконы ұрып тастады. Иә, Фьюри жеңді және оған лайықты баға беріп отырмын, бірақ мен оны жылдың үздік боксшысы деп ойламаймын.
- Канело, Головкин, Флойд, Чоколатито бар...
- Маған Головкин қатты ұнайды. Ол өте жақсы және ақылды боксшы, ол рингте орынды жақсы ауыстыра біледі, өз-өзін ұстай алады. Мен оның Канеломен жекпе-жегін көргім келеді. Мен оны (жылдың үздік боксшысы атағына) таңдаймын, ол маған ұнайды, меніңше, ол жылды табысты өткізген.