«Мен белсенді болуым керек. Бурсакты жеңген соң, келесі деңгейге қайта көтеріліп, нағыз мегафайт өткізем деп үміттенемін. Мен шынықтыратын немесе оған ұқсас жекпе-жектерді іздеп отырған жоқпын. Бұл әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек болмақ: а) жаттығу лагерін өткізу үшін; б) ресми жекпе-жек рингінде болуым үшін. Өткен аптада мен Фрэнк Уорренмен (промоутер) сөйлесіп, жазда Головкинмен жұдырықтасқым келетіні туралы айттым», - деді өткен жылдың желтоқсан айында титулды жеңіп алған Сондерс.
Өз кезегінде Фрэнк Уоррен Головкинді бір жеңсе, Сондерс жеңетінін мәлім етті.
Айта кетейік, 23 сәуір күні Геннадийдің Доминик Джокерге қарсы жекпе-жегі жоспарланған, ал қыркүйек айында ол Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін.