Associated Press басылымы жазғандай, аталған сома еуропалық аукцион үйлерінде бұрын-соңды кездестірілмеген жоғары баға болып саналады. Картинаның бастапқы құны 30 млн.фунт (шамамен 50 млн.доллар) болып белгіленген еді.
Аталмыш картина алғаш рет сатылымға 1966 жылы (картина салынған жылы) Парижде қойылған болатын. Онда Бэконның нақсүйері Джордж Дайердің сөйлеп тұрған сәті сомдалған.