Фристайл-акробатика: Аяна Жолдас жекелей сында жарыс жолын аяқтады

Фото: Тұрар Қазанғапов

ЛИВИНЬО. KAZINFORM – Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында бүгін фристайл-аккробатикадан жарыс басталды.

Әйелдер арасында жекелей сында ел намысын Аяна Жолдас қорғады. Отандасымыз бастапқы кезеңде сәтсіз өнер көрсетіп, 61.11 ұпаймен 17-орынан көрінді.
Екінші іріктеу кезеңінде 57.10 ұпай еншілеп, өкінішке қарай финалға шыға алмады. Ал жалпы есепте 21-орынға ие болды.

Айта кетейік, финалға әр кезеңде үздік алтылыққа енген спортшылар жолдама алды. 

Еске салсақ, осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Италиядағы қысқы Олимпиадада 11 қазақстандық спортшы 4 спорт түрінен сынға түседі

Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада үздіктердің қатарынан көрініп, келесі кезеңге өтті.