Аталмыш спорт түріндегі алғашқы медальдар аралас командалық сайыста сарапқа салынды. Бұл додада Қазақстан құрамасының сапынан Аяна Жолдас, Дінмұхаммед Райымқұлов және Асан Асылхан сынға түсті. Отандастарымыз жалпы есепте 7-орынды иеленді.
АҚШ құрамасы жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынды Украина, ал Швейцария үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында 7 команда бақ сынады.
Бұған дейін елордада конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиада өтіп жатқанын жазған едік.