Фристайл: Дмитрий Рейхард Қытайда «күміс» алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхард Қытайдың Secret Garden тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан әлем кубогының үшінші кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші орын канадалық Михаэля Кингсбериге бұйырса, үшінші орынға аустралиялық спортшы Мэтт Грэхэм ие болды.

Естеріңізге салайық, осыған дейін, әйелдер арасында сынға түскен Юлия Галишева бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алған болатын.