АСТАНА. ҚазАҚпарат - Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Кореяның Пхенчхан қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде күміске қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Ол жалпы есепте 86.70 ұпай жинап, канадалық Майкл Кингсбериден 0,01 ұпай аз жинады. Үшінші орынды тағы бір канадалық Филипп Марки (85.94) жеңіп алды.
Фристайл. Әлем кубогы. Пхенчхан (Корея)
Ерлер. Могул.
1. Майкл Кингсбери (Канада) - 86.71
2. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 86.70
3. Филипп Марки (Канада) - 85.94.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.