Фристайл-могул: Анастасия Городко әлем кубогінде ТОП-5 тізімінде

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Канаданың Вал-Сейнт-Ком қаласында фристайл-могулдан 2026 жылдағы алғашқы әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыста Ұлттық құрама спортшылары арасынан ең жақсы нәтижені Анастасия Городко көрсетті. Ол жекелей және параллель сайыста да 5-орынға тұрақтады.

Ерлер арасында тәжірибелі отандасымыз Павел Колмаков параллель-могулда ширек финалға шығып, 7-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов жанкүйерлерге жағымды жаңалығын жеткізді.

Футзалдан әйелдер арасындағы ел кубогінің тұңғыш жеңімпазы анықталды.