Алдағы күндері Францияның Альп-д’Юэз курортты аймағында фристайл-могулдан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды Kazinform.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған жарыста Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды.
Атап айтсақ, әлем кубогы кезеңінде Анастасия Городко, Павел Колмаков, Антон Бондарев және Аяулым Әміренова жарыс жолына шығады. Команда үздігі, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Алматыда өтетін додада сынға түседі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасын Елена Круглыхина жаттықтырады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.