Ерлер арасындағы алғашқы іріктеу жарысында өнер көрсеткен Павел Колмаков сәтті өнер көрсетіп, 76.24 ұпаймен тоғызыншы орыннан көрінді. Осылайша ол 12 ақпан күні өтетін финалдық кезеңге тікелей жолдама алды.
Айта кетерлігі, Ливиньо жарыс жолына бүгін Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова алғашқы іріктеуге қатысады.
Сонымен қатар ерелр арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағыдарламада Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан шорт-трекшілері Миланда алғашқы жарыс күнін бастады.