Соңғы бәсекеде Городко тағы бір алтын жүлдеге қол жеткізді. Екінші және үшінші орынды германиялықтар Ханна Вессе мен Лена Майер иеленген. Айта кетелік, Еуропа кубогінде Анастасия Городко жалпы есебі 4 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – «алтын», біреуі – «күміс».
20:48, 17 Қаңтар 2020
Фристайл-могулдан Еуропа кубогі: Қазақстандық спортшы үшінші «алтынын» иеленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияда фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде қазақстандық Анастасия Городко тағы бір мәрте жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.