Отандастарымыз маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.
Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарса, Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Аяулым Әмренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін 9 қазақстандық биатлоншы әлем кубогының алғашқы кезеңінде өнер көрсететінін жазған едік.