АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Испанияның Сьерра-Невада таулы аймағында фристайлдан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың алғашқы күні могулшылар сынға түсті. Онда әйелдер арасында Саппорода ел қоржынына алтын медаль сыйлаған Юлия Галышева 360,00 ұпаймен жетінші орын иеленді. Бұл сында Аустиялық С.Бриттени жеңіске жетті. Тағы бір отандасымыз Амренова Аяулым 24-ші орыннан көрінді.
Ерлер арасында сынға түскен Дмитрий Рейхард 18-ші орынға табан тіресе, Павел Колмаков 59 спортшы арасынан 27-ші орын алды, Дмитрий Бармашов болса мәреге жете алмады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.