Рейхерд бұл сында үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдені қоржынға салды. Ол 83.42 балл жинады. Жеңіс тұғырына канадалық Микаэль Кингсбери (86.73) шықты. Екінші болып жапондық Икума Хоришима (85.02) келді.
Додаға тағы бір қазақстандық Павел Колмаков қатысқан, ол небары 16-шы орынға табан тіреді.
Өкінішке қарай, бұл жолы Юлия Галышеваның жолы болмады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері құлап қалып, 16-шы болып мәре сызығын кесті. Ал Аяулым Амренова 31-ші болып келді.