«Алғашқы жиын Риддердегі «Ridderhütte» кешенінде болды. Оқу-жаттығу жиындары екі күн бұрын аяқталды. Бапкерлер штабы оның қорытындыларына көңілі толатынын айтып отыр. Келесі жиын да ШҚО-да болады, құрам да өзгермейді. Шетелдегі алғашқы жиын 20 шілдеде Киевте өтуі тиіс, бірақ қазір ҰОК-пен қаржы мәселесінде бір мәмілеге келу қажет болып тұр», - дейді Қазақстанның фристайл-могул құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Елена Круглыхина.
Айта кетейік, ұлттық құрамада өзгерістер болды. Құраманың сапы кеңейіп, Аяулым Әміренова, Александр Геберт, Олег Цинн, Сергей Романов, Константин Горлачев сияқты жас спортшылар қатарға қосылған.
Биылғы маусымдағы басты жарыстардың бірі - Американың Парк-сити қаласында 1-10 ақпанда өтетін әлем чемпионаты. Бірақ құрама команда бар күшті 2022 жылы өтетін Бейжің Олимпиадасына жұмсағалы отыр.