Фристайлдан жарыс (могул) мәреге жетті, қазақстандық Дмитрий Рейхерд 18-ші нәтиже көрсетті

АНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат -Ванкувер олимпиадасында бүгін таңертең фистайлдан (могул) жарыс аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Рейхерд 18-ші нәтиже көрсетті,

деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дмитрий Рейхерд біліктілік жарысынан сүрінбей өткенімен, бірақ ақтық кезеңде ол өз басымдығын сақтап қала алған жоқ.

Спорттың бұл түрінде жүлделі орындарды Александр Билодо (Канада), Дейл Бего-Смит (Австралия) және Брайн Уилсон (АҚШ) иеленді.