Соңғы деректерге қарағанда, 16 қыркүйекте 21:00-ге қарай аумақты жайпап өткен алапат дауыл 18 адамның өмірін қиып кеткен, 11 адам із-түзсіз жоғалып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.
"Меранти" Сямэнь қаласы аумағындағы жағалауға 15 қыркүйекте таңертеңгілік жетті. Дауыл салдарынан үйлер құлап, инфрақұрылым зақымданды, сумен және электрмен жабдықтау жүйелері бүлінді. Сондай-ақ көлік қозғалысы қиындады. Қаланы едәуір экономикалық шығынға ұшыратты.