Фудзиге дейін жол жүрдек пойызбен үш жарым сағатқа созылады. Ал ол жерге барғысы келгендер 7040 иенмен (70 долларға жуық) жете алады. Соңғы аялдама – жанартауға шығу үшін сүрлеу жолдың бірі басталатын Кавагутико көлі жағалауындағы осы аттас станса. Пойыз бұл бағыт бойынша әр демалыс күндері қыркүйектің соңына дейін Фудзи шыңына шығу маусымы аяқталғанша жүретін болады.
Жапониядағы ең биік тау Фудзидің биіктігі –- 3776 метр. Әрі өткен жылы маусымда Фудзи ЮНЕСКО-ның табиғи мұралар тізіміне енгізілді, оған баратын адамдар саны, оның ішінде шетелдіктердің келуі күрт өсуде, 2013 жылғы маусым нәтижесі бойынша рекордтықкөрсеткішке - 370 мың адамға жетті.