2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Fufeng Group елдің ауыл шаруашылығына инвестиция салмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл кәсіпорын еліміздің индустриялық дамуы және агроөнеркәсіп биотехнологиясы сияқты жаңа бағытты қалыптастыру тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Бұл ретте шикізатты тұрақты жеткізу және өндірістік парк айналасында аграрлық белдеу құрудың маңызы зор.

Фото: Ақорда

Ли Сюэчунь компания еліміздің диқандарымен жүгері сатып алу, сондай-ақ білікті маман даярлау бойынша ұзақмерзімді серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты. 

Осы орайда еліміздің жоғары оқу орындарымен бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу және кәсіпорын базасында отандық ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, R&D орталығын құру мүмкіндігі талқыланды.

Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыра алатындай қуатты ресурс пен әлеуетке ие екенін айтты. 

Айта кетелік Қазақстан мен Қытай инвестициялық жобалар бойынша келісімдерге қол қойған еді.