5 ақпан күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан халықаралық Fujairah Open турнирі басталады.
Осымен оныншы рет ұйымдастырылатын аламанға әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысады.
Ал қазақстандық таеквондошылар төрт жас деңгейі бойынша сынға түседі.
8-11 жас аралығы – 260 спортшы.
Жасөспірімдер – 323 спортшы.
Жастар – 308 спортшы.
Ересектер – 431 спортшы.
Халықаралық дода 8 ақпанға дейін жалғасады.
Фото: instagram.com/kz_taekwondo_federation