Қазірде радиациялық залал тараған аймақты мекендейтін кейбір жәндіктердің мутацияға ұшырағандығы анықталған. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
Бұлай дейтініміз, көгілдір түсті Pseudozizeeria maha-көбелегінің денесінің құрылымынан көзге көрінер өзгерістер пайда болған. Бұл жәндіктің алдыңғы қанаттарының көлемі кішірейіп, түстері өзгере бастаған. Бұған қоса, кейбірінің көздері мен аяқ-қолдарының бұрынғыға қарағанда пішіндері өзгерген. Зерттеушілердің айтуынша, бұл белгілер енді олардың ұрпақтарынан да білінуі мүмкін.
Ғалымдардың баяндамасында көрсетілгендей , апаттан кейін атмосфераға өткен жасанды радионуклидтер бұл жәндіктердің генетикасына әсер еткен.
Енді зерттеушілер радиоактивті қалдықтар тараған аймақтың басқа да жануарларының мутациясын зерттемек. Бұл, апаттан келген зардапты бағаулауға негіз бола отырып, АЭС-қа жақын жерде әлі де өмір сүріп жатқан халыққа, қаншалықты зиянды екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеушілердің өзгеріске ұшыраған жануарларды тауып отырғаны алғашқы емес. 2011 жылдың мамыр айында сол ауданда құлақсыз ор қоян дүниеге келген болатын.
03:19, 15 Тамыз 2012
Фукусима-1 АЭС-індегі апаттың әсерінен жәндіктер мутацияға ұшыраған
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Фукусима-1 атом электр станциясында болған апаттың қоршаған ортаға тиігізген алғашқы әсерін жапон университетінің ғалымдары зерттей бастады.