«Фукусима-1» АЭС-інің екінші блогындағы су құрамындағы йод мөлшері шамадан 7,5 млн. есе артық

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Фукусима-1» АЭС-інің екінші энергоблогынан Тынық мұхитына төгіліп жатқан судың құрамындағы радиоактивтік йод-131 мөлшері шамадан 7,5 млн. есе артық.

"2 сәуірде алынған сынама осындай нәтижені көрсетті", - деп хабарлайды «Токио электрик пауэр».

Осы деректерге сай, текше сантиметрдегі йод-131 мөлшері 300 мың беккерелді құрайды.