«Фукусима-1» АЭС-нің іргесіндегі теңіз суында радиация көрсеткіші шамадан 100 есеге асып тұр

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Жапонияның «Фукусима-1» атом-электр стансасына жақын жердегі Тынық мұхитының суында радиацияның деңгейі ең аз дегенде шамадан 100 есеге асып тұр,

деп хабарлайды РБК агенттігі. Тіркелген максимальдық көрсеткіш - 1 мың есені шамалайды, деп мәлім етті станса операторы - Tokyo Electric Power (TEPCO) компаниясы.

20-30 метр тереңдіктен алынған топырақ сынамаларын зерттеудің нәтижесінде осындай деректер алынып отыр. Мамандардың пікірінше, стансадан радиактивті судың ағуына байланысты теңіздегі радиацияның деңгейі көтеріліп бара жатыр.

"19 сәуірде стансада радиоактивті суды сору жұмыстары басталған болатын. Жұмыстар екінші энергоблоктың турбина залының жерасты қабатында жүргізілуде. Сондай-ақ дренаж жүйесінің туннельдері де судан тазартылуда", - деп хабарлады Kyodo ақпарат агенттігі.

Компания мамандарының айтуынша, бұл жұмыстардың аяқталуына әлі бір айға жуық уақыт керек.