«Фукусима» АЭС жанындағы теңіз суындағы радиация нормадан 4,4 есеге асып түсті

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Апатты жағдайдағы «Фукусима» атом-электр стансасының жанындағы теңізде радиацияның деңгейі нормадан 54 мың 385 есеге асып түсті.

ВВС телекомпаниясының жапондық Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, энергетиктер радиацияның әрі қарай тарауына жол бермес үшін, стансаның айналасына топырақты қатыратын арнайы шайыр шашпақ. Проблеманы шешудің басқа да жолдары іздестірілуде.

Жапон өкіметі «Фукусима үшін шайқаста» жеңіліске ұшырағанын мойындады. Оператор-компанияның өкілдері, стансаның барлық төрт реакторының жағдайы нашар екенін, оларды істен шығарудан басқа жолдың жоқтығын мәлім етіп отыр.

Компания Жапония азаматтарынан кешірім сұрап, апат салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге уәде берді.