Фотограф бұл суреттерді 2015 жылы түсірген. Фотожоба мақсаты Фукусимаға адамдардың назарын тағы бір аудару болған.
«Барлығына табиғат емес, адам кінәлі», - деді фотограф негізгі жоба түйіні бойынша.
«Сапарымды жоспарлағанда менде қобалжу болды. Алдымда не күтіп тұр? Мен білмейтін тіл, мәдениет, салт-дәстүр, оқиғадан соң төрт жылдан кейін ол жерден не табамын? Бұл Чернобыль апатынан қалған аймаққа ұқсас бола ма?», - деген сұрақтар мазалады дейді фоторгаф.
Еске сала кетейік, 2011 жылы наурыздың 11-де жер сілкінісі мен цунамиден кейін Фукусима Дайичи ядролық стансасы істен шықты. МАГАТЭ анықталған мәліметтер бойынша радиацияның адам денсаулығына, қоршаған ортаға зор зиян тигізетін ірі апат екенін көрсеткен болатын.
09:21, 16 Наурыз 2016
Фукусима: Польша фотографының апат аймағына сапары (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша фотографы Аркадиуш Поднесински Жапонияда осыдан 5 жыл бұрын АЭС апатқа ұшыраған Фукусима қаласына барған, деп жазады moya-planeta.ru.