«Фукусима» стансасындағы жұмыстар үшін ТЕРСО компаниясы бөлініске ұшырауы мүмкін

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Жапондық басқарушы партия ұйымдастырған комитеттің мәлімдеуінше, «Фукусима» АЭС-ті басқарып отырған энергетикалық ТЕРСО компаниясын бөлу қажеттілік етеді.

Бұл тұрғыда комитет мүшелері стансадағы тек апатты жоюға ғана жауап беретіндей энергетикалық компанияның бір бөлігін бөлгісі келеді.

Соңғы кездері «Фукусима» атом электр стансасын тазартумен айналысып жатқан алпауыт TEPCO компаниясын «апат орнын қалпына келтіру жұмыстарын нашар ұйымдастырып жатыр» деген себеппен жиі сынға алуда.

Биылғы жазда компания атом электр стансасындағы ыдыстардан 300 тонна радиоактивті су жерге ағып кеткендігін ресми мойындаған еді.

2011 жылғы наурыздағы жер сілкінісі мен цунамиден зақым келгеннен кейін «Фукусима» стансасын тазарту жұмыстары 40 жылға жуық уақыт алуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, бұл шараларға бірнеше миллиард доллар жұмсалуы ықтимал.