Агенттіктің мәліметінше, Жапония үкіметі аталған технологиялық процестің адам денсаулығы немесе қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтінін нақтылап, «Фукусима-1» АЭС-тан тазартылған радиоактивті суды теңізге құю шешімін қабылдады.
Қазіргі кезде 1,25 млн тоннадан асатын тазартылған радиоактивті су «Фукусима-1» АЭС аумағындағы резервуарларда сақталып отыр. Суды тазарту процесі көптеген қауіпті радиоактивті заттарды жояды, бірақ тритийді қалдырады.
«Фукусима-1» АЭС-тағы апат 2011 жылдың 11 наурызында болған. Апат жер сілкінісі, одан кейін орын алған цунамиден кейін орын алды.