Фукусимадан кейін Массачусетсте радиактивті жаңбыр жауды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Американың Массачусетс штатында жаңбыр суы құрамынан Жапониядағы "Фукусима-1″ АЭС-індегі апатынан кейін ауаға тарап кеткен радиоактивті элементтер табылды,

деп хабарлайды AFP.

Радиоактивті заттардың қоспалары белгіленген мөлшерден төмен, халықтың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді. Ауыз су көздері радиоактивті қалдықтармен зақымданған жоқ. Жаңбыр суының сынама үлгісі осыдан бір апта бұрын алынған болатын. Ауада радиация табылған жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, жапон энергоблогы "Фукусима-1″ АЭС-індегі судағы радиация деңгейі қалыпты жағдайдан 100 мың есе жоғары екендігі анықталды.