Бұл туралы бүгін станса операторы болып табылатын "Токио электрик пауэр" энергокомпаниясында хабарланды. Мамандар ғимараттың ішінде 40 минуттай уақыт болады.
ИТАР-ТАСС хабарлағандай, сәрсенбі күні радиоактивтi бөлшектердi сүзгiш- сорғыштардың көмегімен ауаны тазалау үшін 6 желдеткіш қондырғы жеткізілді. Сарапшылардың бағалауынша, бұл жаңа жүйені қолдану реактор ғимаратында радиациялық фонды сағатына 10-40 миллизиверттен сағатына бірнеше миллизивертке дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қарапайым адам үшін қалыпты норма сағатына 0,05 - 0,2 микрозиверт болып табылады. Ядролық нысандардағы апаттарды жоюшылар үшін, жергілікті заң бойынша, жылына 100 миллизиверт мөлшерде сәулеленуге болады.