Фушунь қаласындағы биік ғимараттың сыртқы келбеті алты жапырақты гүлге ұқсас етіп салынады

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сыртқы пішіні раушан гүлінің жапырақтарына ұқсас ғимараттың ұзындығы алты бөліктен тұрады, олар негізгі тіректі орап, шырмап тұрады.

Көкті тіреген алып ғимарат ішінде премиум-класс кеңселері, қаржы орталығы мен апартаменттер орналасады. Жер астындағы екі қабатта көлік қоятын арнайы тұрақ болады. Атап өту керек, гүл пішініндегі ғимарат құрылысы Қытай архитектурасындағы жаңа трендке айналды. Бірнеше жыл бұрын Австралия сәулетшілері Қытайдың Далянь қаласында ультразаманауи Dalian Library кітапханасының осыған ұқсас жобасын жасап шығарған болатын, деп хабарлайды РБК.