Айта кетейік, Даму Кубогының турниріне қазақстандық футболшылардан бөлек, Уэльс, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдарының құрамалары қатысады. Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Шалқар Ұлдана (БИІК СДЮШОР №7), Алмасбай Дана (Астана);
Қорғаушылар: Әнуар Әсем (БИІК СДЮШОР №7), Корякова Лариса (Тараз), Серікбай Айдана (Ақтөбе), Волкова Ольга (БИІК СДЮШОР №7), Флют Ангелина (БИІК СДЮШОР №7), Сайдолла Айсәуле (Астана);
Жартылай қорғаушылар: Орынбасарова Арайлым (БИІК СДЮШОР № 7), Тұрлыбекова Әселхан (БИІК СДЮШОР №7), Әмірбек Мәдина (БИІК СДЮШОР № 7), Низамутдинова Анастасия (БИІК СДЮШОР №7), Попкова Виктория (БИИК СДЮШОР №7), Смағұлова Аида (Астана), Ақбаева Рано (Ақтөбе), Серғали Інжумаржан (Ақтөбе), Жәутікова Айдана (Ақтөбе), Әділханова Карина (Семей);
Шабуылшылар: Колчина Екатерина (Алматы), Вахитова Светлана (БИІК СДЮШОР №7).
Айта кетерлігі, 5 мамыр күні Данияр Қайырбаев шәкірттері Фарер аралдарымен кездеседі. Ал 6 мамырда Солтүстік Ирландия және 8 мамырда алаң иелері Уэльс құрамасымен ойнайды.