16:31, 21 Наурыз 2009
Футбол: 2010 жылы Қазақстан чемпионатына 12 команда ғана қатысатын болды
АСТАНА. Наурыздың 21-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылы футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысатын клубтардың саны 14-тен 12-ге дейін қысқартылды. Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің кешегі өткен отырысында қабылданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш федерацияға сілтеме жасап.«Бұл мәселе Ұлттық футбол лигасының жуырда өткен кеңесінде алдын-ала талқыланған болатын. Онда ел біріншілігіне қатысушылардың сандық құрамын қысқарту жөніндегі ұсыныс клубтар басшылары тарапынан қолдау тапты. Кеше бұл мәселе Атқарушы комитет отырысының қарауына енгізіліп, бұл ұсыныс бірауыздан мақұлданды. Біз санға емес, сапаға мән беріп отырмыз. Премьер-лига шын мәнінде элиталы болады, онда өтпелі матчтар мүлдем болмайды. Бұл сөз жоқ, чемпионат деңгейінің өсуіне ықпал етеді», деп түсініктеме берген Атқарушы комитеттің шешіміне Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті және Ұлттық футбол лигасының директоры Сейділдә Байшақов.