Бұл туралы сәрсенбі күні федералдық полиция инспекторы Фелипе Сейшас мәлімдеді.
Шетелдік полицейлер стадиондарда өз жанкүйерлерінің трибуналарына қарсы орналастырылады. Жанкүйерлер олардың формаларын көру арқылы өз елдерінің құқық қорғау органы екенін аңғарады. Бұл жанкүйерлердің аудармашысыз да полицейдің көмегіне жүгіне алуы үшін жасалып отыр. Құқық қорғау органдары бразилиялық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесе отырып, келеңсіздіктердің туындауына жол бермейді.
Әр ойында трибунаны командасы алаңға шыққан елдердің кем дегенде 4 тәртіп сақшысы күзетеді деп күтілуде.