Футбол: 9-шы турдан кейін көш тізгінін «Ақтөбе» алды

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің 9-шы турынан кейін былтырғы маусымдағы ел чемпионы –«Ақтөбе» командасы көш тізгінін өз қолын алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл турда «Ақтөбе» Қостанайда жергілікті «Тобылмен» кездесіп, 0:0 есебімен тең ойнады. Сөйтіп 9 ойыннан кейін 22 ұпай жинаған олар биыл да бас жүлдеден дәмелі екендерін аңғартты. Екінші орында Астананың «Локомотив» командасы келеді. Елордалықтар бұл турда сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубынан 1:0 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орынға Қарағандының «Шахтер» командасы көтерілді. Кеншілер қаласының командасы 9-шы турда Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдап, 1:0 есебімен ұтты. Қалған ойындардың нәтижелері мынадай: «Атырау»-«Қазақмыс» 2:1, «Восток»-«Тараз» 0:2, «Оқжетпес-Ертіс» 1:4, «Қызылжар»-«Қайсар» 1:1.