Бұл тотализатор жақында ғана ашылғанмен, спортсүйер эзотерика көмегімен жеңіске жету мүмкіндіктерін арттырады. «Тылсым дүниенің бәрі психологиялық тұрғыдан адамды тартады», - деп түсіндірді өз идеясын букмекер Абай Сәбитов. - Оның үстіне біздің жаңа қызмет матч нәтижесін тек болжауға ғана көмектеспейді, сондай-ақ шамандық салт жоралғылар арқылы ойынға әсер ете алады - ол үшін Хакасиядан нағыз шаманды шақырамыз». Егер клиент бәске тіккен ақшасын ұтылып қалып жатса, олар балгерлерді букмекерлік кеңсе иелерімен ауыз жаласқан деп айыптамай ма деген сұраққа бизнесмен ондай жағдай туындауы мүмкін емес, өйткені шақырылған мамандар тек өздері үшін ғана жұмыс істейді және өз жұмыстарына өздері жауап береді деді.
08:16, 12 Маусым 2014
Футбол ӘЧ қарсаңында Астананың букмекерлерінде шамандар жұмыс істейтін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футбодан әлем чемпионатының қарсаңында елорданың букмекерлік кеңселерінің бірі өзінің клиенттеріне ерекше қызмет түрін ұсынбақ. Мундиальдың барлық күндері бәс тігетін орындарда көріпкелдер мен балгерлер тіпті шамандар да отырады, деп хабарлады «Экспресс-К».