ОРАЛ. ҚазАқпарат – Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақтөбе» клубының бас бапкері болып беларусь маманы Алексей Бага тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш клубтың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Түркияда жаттығып жатқан командаға А.Бага таныстырылды.
Онымен бірге көмекшісі Валерий Тарасенко келген. А.Бага ертеңнен бастап өз жұмысына кіріспекші.
Өткен маусымда «Ақтөбе» клубы премьер-лигаға қайта оралған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалғанын, «Ақжайықтың» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).