НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақтөбе» футбол клубына франциялық ойыншы Эрвен Мукам алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе» футбол клубынан мәлім еткендей, Э.Мукаммен келісімшартқа қол қойылған.
Бүгінде 26 жастағы ойыншы «Страсбур» футбол клубының академиясында қадамын бастаған. Содан кейін «Метц» футбол клубының мектебіне ауысты. Бірнеше рет негізгі құрамға тізімге ілінгенімен, алаңға шыққан жоқ.
Грекиядан кейін Э.Мукам Беларусь еліне барып, «Неман», БАТЭ клубтарының намысын қорғады. Еуропа лигасының топтық бәсекесінде доп тепті. 2018 жылы Беларусь чемпионы атанды. 2009-2010 жылдары Франция жасөспірімдер құрамасында ойнады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өткен жылы премьер-лигаға қайта оралған «Ақтөбе» клубына жаңадан үш ойыншы алынғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).