Футбол: «Ақтөбе» командасының екі ойыншысы жарақат алды

None
АСТАНА. 10 сәуір. Қазақпарат - Футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Самат Сымақов

«Ордабасымен» ойында қолын сындырып алды. «Аламан» порталының мәліметінше, капитан енді үш апта алаңға шықпайды.

Самат қолын Қайрат Әшірбековпен соқтығысып, сындырыпты. Қазір Сымақов жаттығудан да босатылды. Сондай-ақ «Ақтөбенің» тағы бір негізгі ойыншысы Арунас Климавичус жаттығу кезінде тобығын тайдырып алған. Ойыншының алаңға нақты қай уақытта шығатыны белгісіз.