ФУТБОЛ: «Ақтөбе» өз алаңында «Нымме Калью» командасына есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының іріктеу турында Таллиннің «Нымме Калью» командасын өз алаңында қабылдаған «Ақтөбе» 0:1 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлады sports.kz.

Ойынның 72 минутында эстониялықтар есеп ашты, нақтырақ айтқанда «Нымме Калью» ойыншысы Атс Пурье мүмкіндікті мүлт жібермеді. Қарымта ойын 9 шілдеде Таллин қаласында, Астана уақытымен сағат 22:00-де болады.