АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футбол клубы 17-ші қаңтар күні Украинаның «Волыниімен» жолдастық кездесу өткізеді.
«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, араға екі күн салып, ақтөбеліктердің қарсыласы 2-ші Бундеслиганың командасы «Мюнхен-1860″ болмақ.
Ал 21-ші қаңтарда еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары Әзірбайжанның «Нефтчи» командасымен алаңға шығады. Қазақстандық клуб өз жиындарын 22-ші қаңтарда аяқтайды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.