ОРАЛ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Жаңа маусымға Анталия қаласында дайындалған Оралдың «Ақжайығы» соңғы спарринг-кездесуін кеше америкалық «Уилмингтон Хаммерхэд» командасымен өткізді.
«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, тартысты өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды.
3 наурыз күні «Ақжайық» командасы Орал қаласына оралып, өз алаңында шеберлігін ұштайды. ҚР чемпионаты премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы кездесуін батысқазақстандықтар 9 наурыз күні өз алаңында ел чемпионы Қарағандының «Шахтерімен» өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).