«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Эсеола оралдық командаға биылғы маусымның басынан жалға алынған болатын.
Батысқазақстандық клуб құрамында 13 матч өткізіп, 8 гол соққан 26 жасар украиналық шабуылшы қазіргі кезде ел чемпионатында астаналық, ганалық легионер Патрик Твумасимен бірге мергендер көшін бастап келеді.
«Мен «Ақжайық» пен оның жанкүйерлеріне жылы қабылдағаны үшін ризамын. Орал мен үшін туған қаламдай болды. Дегенмен мені алда тың белестер күтіп тұр. Жаңа командама да пайда әкелемін деп ойлаймын», деді Эсеола.
Айта кетейік, 17 маусым күні өтетін ХІV турда «Ақжайық» өз алаңында дәл осы «Қайратты» қабылдайды. Сонымен қатар қазіргі уақытта оралдық клубта бас бапкер міндетін жергілікті маман Артур Авакянц атқаруда. 13 мамыр күні Ақтөбеде «Ақтөбеден» 3:5 есебімен ұтылғаннан кейін украиналық маман Владимир Мазяр командадан кетіп қалған болатын. Биылғы маусым басында жеті бірдей украиналық ойыншының «Ақжайыққа» алынуына да ұйытқы болған сол В.Мазяр еді. Осылайша олардың қатары біртіндеп азайып барады.