Футбол: Әлем чемпионатының жүлде қоры 400 млн долларға көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА сайтының хабарлауынша, 2018 жылғы әлем чемпионатында берілетін ақшалай сыйақы 2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатына қарағанда салмақтырақ.

Атап айтқанда, 12 пайызға, яғни 400 миллион долларға ұлғайып отыр.

ФИФА Кеңесі бүгін, 27 қазанда Үндістандағы Калькуттада өткізген отырысында осындай шешім қабылдады.

Бұдан басқа ФИФА Кеңесі ФИФА қорын құру туралы да шешім қабылдады. Ол өзінің жұмысын 2018 жылғы алғашқы тоқсанда бастамақ. Мұндағы мақсат - әлеуметтік даму бағытындағы бастамаларды ұйымдастыруға қаржылай көмек беру.