НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығы (FIFA) ерлер арасындағы әлем құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңартылған нұсқада Қазақстан құрамасы бұрынғысынан екі орынға төмен түсіп, 124-орынға жайғасты. Қазақстандық футзалшылар наурыз айында екі ойын өткізді.
Алдымен Франциядан 0:2 есебімен жеңіліп, одан кейін Украинамен 1:1 есебімен тең ойнады.
Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.
Қазақстан құрамасының қарсыластары арасында ең жоғары орында Франция келеді, олар екінші орынға жайғасқан.
Одан кейінгі орындардағы Украина -24, Финляндия - 55, Босния және Герцоговина - 56 орында тұр.
Рейтинг басында Бельгия құрамасы келеді. Үздік үштікті Бразилия футболшылары түйіндеп тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.