Кейбір жанкүйерлер өздерінің пір тұтатын футболшыларымен суретке түсіп те үлгерді. Тіпті оларды қонақ үйге дейін шығарып салғандар да болды.
Естеріңізге сала кетелік, бүгін Алматы қаласының Орталық стадионында «Қайрат» футбол клубының аты аңызға айналған ойыншыларымен Әлем құрама командасы арасында қайырымдылық жолдастық кездесу өтеді. Бұл «Жұлдыздар матчы» «Қайрат» футбол клубының құрылғанына 60 жыл толуына арналады.
Ойын кешкі сағат 20:00-де басталады. Ал оның алдында сағат 19:00-де матч алдында концерттік шоу болады.
Сонымен қатар, бүгін 17:00-де командалардың бас жаттықтырушылары мен ойыншыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Билеттер әлі сатылымда бар және оларды тек Орталық стадионның кассаларынан ғана алуға болады.
Сонымен, Premium VIP - 40 000 теңге, VIP - 20 000 теңге, D ложасы - 10 000 теңге, E ложасы 10 000 теңге, Батыс трибуна - 7 500 теңге, Шығыс трибуна - 5 000 теңге, Солтүстік трибуна - 3 000 теңге, Оңтүстік трибуна - 3 000 теңге.